Канада коронавирустық шараларға наразылық білдіретіндерді жазаламақ

464

Қыркүйек айының басында Таиланд тұрғындары қайтадан бас көтерген еді.

Канада коронавирустық шараларға наразылық білдіретіндерді жазаламақ

Канадада коронавирустық шараларға наразылық білдіретіндер, яғни ауруханалар мен басқа да медициналық мекемелерге кіруге кедергі келтіретіндер жазаланады. Елдің қазіргі Премьер-министрі Джастин Трюдо егер ол қайтадан үкімет басшысы болып тағайындалса, осындай шара қабылдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

Трюдо Консервативті партиядағы қарсыластарын вакцинацияға қарсы қозғалысты қолдап отыр деп айыптап, індетті тежеуге қатысты шектеулерді күшейтуге уәде берді. Оның жобасы бойынша, ауруханаларға, тестілеу орталықтарына, дәріханаларға кіруге кедергі келтіретін ереуілшілер қылмыскер болып саналады.

Жергілікті мамандардың сауалнамасына сүйенсек, Трюдо бастаған Либералды партия 20 қыркүйекте өтетін сайлауда жеңіске жетуі әбден мүмкін. Өйткені ол дауыстың шамамен үштен біріне ие, консервативті қарсыластарынан алда келеді.

COVID-19 шектеулеріне қарсы наразылық шаралары әлемнің көптеген елдерінде өтіп жатыр. Қыркүйек айының басында Таиланд тұрғындары қайтадан бас көтерген еді. Жергілікті полиция оларды су атқыштардың көмегімен таратуға мәжбүр болды. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу