Канада мен Аустралия Қытай азаматтарына шектеу қойды

539

Олар міндетті түрде коронавирусқа қатысты ПТР тест тапсыру керек.  

Канада мен Аустралия Қытай азаматтарына шектеу қойды Фото: eadaily.com

5 қаңтардың аспан асты елінен келетін жолаушылар, сондай-ақ, Гонконг және Макаодан келгендерге де ұшуға дейін 2 тәулік жарамды ковид тест тапсыру шарт.

Аустралияның Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, қазір Еуропа және Солтүстік Америкада омикронның жаңа түрлері пайда болған. Вирус әлемге жайылып кетпеу үшін шұғыл қамдану қажет.

Айта кетейік, әлем бойынша 12 мемлекетте Қытай азаматтарына қатысты шектеу шаралары енгізілді. Індет Қытайдың өзінде қалалар арасында жүріп тұруға да кері әсерін берді. Мысалы, құмар ойындар мекені Макаоға әдетте осы уақытта туристер ағылып келетін, ал биыл мұнда қаптаған адам легі байқалмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу