Канада полициясы Ресейдің 325 миллион долларлық активтерін бұғаттады

531

Қазір санкцияға ұшыраған тұлғалардың активтерін бұғаттау ғана емес, тәркілеуге де мүмкіндік беретін заң жобасын талқылауда. 

Канада полициясы Ресейдің 325 миллион долларлық активтерін бұғаттады

24 ақпаннан бері Канада билігі Ресейдің 325 миллион долларлық активтерін бұғаттады, деп хабарлайды inbusiness.kz Канада полициясының мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Оның ішінде ресейліктердің шоттарындағы қаражат пен транзакцияларға қатысқандары да бар.

Бұл соманың 98,1 млн доллары ресейліктердің банктік шоттарында, 230,5 миллионы транзакциялар аясында бұғатталды.

Сонымен қатар Канада билігі санкцияға ұшыраған тұлғалардың активтерін бұғаттау ғана емес, тәркілеуге де мүмкіндік беретін заң жобасын талқылауда.

Ресей Украинаға шабуыл жасаған күннен кейін, Канада Ресейдің жеке және заңды тұлғаларына қарсы шектеулер енгізіп, экспортқа тыйым салатын бірнеше санкциялар пакетін жариялады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу