Канадалық профессор "ЭКСПО-2017" көрмесі аясында Астанаға арналған бестселлерінің тұсауын кесті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі
2017 жылғы 15 маусымда Астана қаласында "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында ұйымдастырылған Еуразиялық халықаралық кітап жәрмеңкесінде канадалық тарихтанушы, профессор Франк Альбоның "Астана: Сәулеті, жұмбағы, тағдыры" атты кітабының тұсаукесері өтті.
"Гермес коды" атты бестселлерді жазған белгілі автордың кезекті еңбегі Қазақстан астанасының әлемдік архитектура және қала құрылыс дәстүрлеріндегі айрықша орнына, сондай-ақ Астана қаласының 20-жылдығы мен "Болашақ энергиясы" тақырыбындағы "ЭКСПО-2017" көрмесіне арналып отыр. "Астана: Сәулеті, жұмбағы, тағдыры" осы жылдың мамыр айында жарық көріп, Канаданың бестселлері атағына ие болды.
Елорда тұрғындары мен ғылыми-сарапшылық топтары өкілдері, астаналық ЖОО оқушылары және дипломатиялық корпустың алдында сөйлеген сөзінде профессор Ф. Альбо Еуразия көшпенділерінің мол мәдени мұрасы мен замануи архитектуралық көрініс Астанада бірден-бір аралысып жатқанына таң қалып отырғанын айтты. Оның айтуынша, осы кітаптың басты мақсаты бүгінгі күні рухани келісім, бітімгершілік бастамалары және энергетика мен жер шары экожүейсінің тұрақты дамуының жаһандық орталығы болып мойындалған Қазақстанның жаңа астанасының қалыптасуын, оның аса зор тарихи маңыздылығын әлемдік қоғамдастыққа кеңінен жеткізу болып табылады.
Тұсау кесер рәсімі барысында сөз берілген Қазақстанның cыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко еліміздің тұрақты, қарқынды дамуының нышанына айналған Астананы құрудағы мемлекет басшысының басты рөліне назар аударды.
"Осыған орай, бұл кітаптың жеке тарауы Орталық Азияның жұмбағы деп аталатын жаңа астанамызды қалыптастыру және дамыту жұмысын бастаған президент Н. Назарбаевтың ерекше рөліне арналып отырғаны заңды деп айтуға болады", – деді министрдің орынбасары.