Канада Ресей мен Беларусьқа қарсы жаңа санкциялар енгізеді

657

Қара тізімдегілерге Украинаның егемендігін, аумақтық тұтастығы мен тәуелсіздігіне нұқсан келтіруге атсалысты деген айып тағылды. 

Канада Ресей мен Беларусьқа қарсы жаңа санкциялар енгізеді

Канада билігі Украинадағы жағдайға байланысты Ресей мен Беларусьқа қарсы қосымша санкциялар енгізеді, деп хабарлайды inbusiness.kz елдің Сыртқы істер министрі Мелани Жолидің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, шектеулер Ресейдің тоғыз және Беларусьтың да тоғыз жеке тұлғасына салынады. Оларға Украинаның егемендігін, аумақтық тұтастығы мен тәуелсіздігіне нұқсан келтіруге атсалысты деген айып тағылды.  

"Владимир Путиннің Украинаға жасаған шабуылын қолдай отырып, бұл режимнің қолдаушылары қазіргі сұмдық оқиғаларды ұйымдастырып отыр. Біз Украинадағы халықаралық құқықтың тапталуын тергету және кінәлілерді жауапқа тарту үшін қолдан келгенді жасаймыз", – деп жазылған ресми мәлімдемеде.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Канада Ресейге қарсы бірқатар экономикалық санкциялар енгізген болатын. Сонымен қатар Канада премьер-министрі Джастин Трюдо өңделмеген ресейлік мұнайды импорттауға тыйым салғанын мәлімдеді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу