Канада Украинаға 900 миллион доллар көлеміндегі көмек пакетін ұсынды

435

Бұл туралы НАТО саммитінде белгілі болды.  

Канада Украинаға 900 миллион доллар көлеміндегі көмек пакетін ұсынды Фото: president.gov.ua

Украина президенті Владимир Зеленский НАТО-ның Анкарадағы саммиті аясында Канада премьер-министрі Марк Карнимен кездесіп, оған 900 миллион доллар көлеміндегі жаңа қолдау пакеті үшін алғысын жеткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Зеленский әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарының санын арттыруға көңіл бөлетінін айтты.

"Ресейдің баллистикалық және басқа да зымырандармен, сондай-ақ дрондармен жасаған шабуылдары – серіктестермен бірлесіп күресуді қажет ететін террор. Канадаға және саған, Марк, мұны түсінгенің үшін жеке алғыс айтамын", – деп жазды Зеленский әлеуметтік желіде.

Украина басшысының айтуынша, екі ел арасында "Дрон мәмілесі" форматындағы келісім дайындалып жатыр. Бұған дейін Украина мен Эстония арасында "Дрон мәмілесі" келісіміне қол қойылды. Құжат қару-жарақты бірлесіп өндіруді, жауынгерлік тәжірибе алмасуды және Украинаның қорғаныс-өнеркәсіп кешенін ұзақ мерзімді қаржыландыруды көздейді.

Сондай-ақ Анкарада Норвегия билігі Украинаның әуе шабуылына қарсы қорғаныс қажеттіліктеріне, толығырақ айтқанда баллистикалық зымырандардан қорғануға, 300 миллион доллардан астам қаражат бөлетінін жариялады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу