Канада өзінің арнайы күштерін НАТО мен Ресей арасындағы шиеленістің өршуі мен Украина шекарасында жағдайға байланысты Украинаға жіберді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Global News-ке сілтеме жасап.
Дереккөздердің хабарлауынша, канадалық әскери күштердің бұл елге орналастырылуы "Ресейдің агрессиясын" тежемек.
Сонымен қатар олар соғыс басталған жағдайда канадалық дипломаттарды эвакуациялауға көмектесуі тиіс. Канада билігі бұл ақпаратқа қатысты әзірге мәлімдеме жасаған жоқ.
Бұған дейін Украина Президенті Владимир Зеленский америкалық сенаторлармен кездесу барысында АҚШ көрсетіп жатқан көмектің зор екенін айтқан болатын. Ол сенаторлармен Украинаның айналасындағы қауіпсіздік жағдайын талқылау үшін кездесті.
Оның айтуынша, АҚШ Конгресі Вашингтон мен Киев қарым-қатынасының дамуына атсалысуда.
Табиғат Нұрболат