Канада украиналық босқындарға қаржылай көмек көрсетеді

594

17 жасқа дейінгі балаларға 1 500 канадалық доллардан беріледі.

Канада украиналық босқындарға қаржылай көмек көрсетеді

Канада билігі 24 ақпаннан бері елге көшіп келген украиналық босқындарға қаржылай көмек көрсетеді, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Елдің иммиграция, босқындар және азаматтық алу істері жөніндегі министрлігінің хабарлауынша, ересек украиналықтарға 3  000 канадалық доллар (шамамен 2,4 мың АҚШ доллары), ал 17 жасқа дейінгі балаларға 1 500 канадалық доллардан (шамамен 1,2 мың АҚШ доллары) беріледі.

Бұл жәрдемақы Канадада жұмыс істеуге,оқуға, уақытша тұруға рұқсат алғандар, жедел иммиграция бағдарламасына (CUAET) қатысатындарға үлестіріледі.

Босқындар бір жолғы бұл төлемді онлайн ала алады. Басты талап – өтініш берушілердің канадалық банкте шоты болуы керек. Қаражат бес күн ішінде шотқа жіберіледі.

Табиғат Нұрболат

Фото: vancouver.citynews.ca

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу