Канадада 155 мыңнан астам мемлекеттік қызметші митингке шықты

415

Мемлекеттік қызметшілердің ереуілі 23 түрлі құрылымның жұмысына кедергі келтірді 

Канадада 155 мыңнан астам мемлекеттік қызметші митингке шықты Фото: cdnuploads.aa.com.tr

Канаданың ірі федералды мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағының 155 мыңнан астам мүшесі жалпыұлттық ереуілге қосылды, деп жазады inbusiness.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Кәсіподақ федералды үкіметпен келісе алмағаннан кейін Канаданың Мемлекеттік қызметшілер альянсы (МҚА) ереуілге шығуды жөн көрген.

Кәсіподақ басшысы Крис Эйлуорд ереуіл сәрсенбіде, жергілікті уақыт бойынша 00:01-де басталғанын атап өтті.

"Біздің мақсатымыз - келісімге келу. Ереуілге қатысушылар ыңғайлы, лайықты әрі әділ Ұжымдық шарт үшін күресуге дайын", - деді ол.

Мемлекеттік қызметшілердің ереуілі 23 түрлі мемлекеттік қызметтің, атап айтқанда, салық қызметтерінің және паспорттар мен көші-қон құжаттарын беру қызметтерінің жұмысына кері әсерін тигізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу