Канадада аптап ыстықтан жүзден астам адам қайтыс болды

841

Олардың басым бөлігі – зейнеткерлер. 

Канадада аптап ыстықтан жүзден астам адам қайтыс болды

Соңғы екі күнде Канададағы Британиялық Колумбия провинциясының бірқатар қаласында жүзден астам адам аптап ыстықтан қайтыс болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz CBC телеарнасына сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша, соңғы 48 сағат ішінде Ванкувер, Барнаби және Суррей қалаларының полициясына жүзден астам тұрғынның кенеттен қаза болғаны туралы хабарламалар келіп түскен. Олардың басым бөлігі – зейнеткерлер. Мамандар олардың барлығы да аптап ыстықтан қайтыс болды дегенді айтып отыр. 27 және 28 маусымда Литтон қаласында жоғары температура тіркеліп, сынап бағанасы 49 градусқа дейін жеткен еді. Канаданың басқа провинцияларында 40-45 градус болды. 

Бұған дейін Gismeteo-ның жетекші метеорологы Леонид Старков Ресейдің еуропалық бөлігіндегі қалыптан тыс ыстыққа не себеп болғанын жариялаған еді. Оның айтуынша, қолайсыз ауа райының орнауына "бұғаттаушы" деп аталатын антициклон түрткі болған көрінеді. "Ол батыс-шығыс ауа тасымалына тосқауыл қояды. Мұндай жағдайда аптап ыстық ұзақ уақыт сақталуы мүмкін", – деді маман. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу