Канаданың Квебек провинциясында ауа-райының қолайсыздығына байланысты 760 мыңнан астам адам жарықсыз қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz тұтынушыларды электр қуатымен қамтамасыз ететін Hydro-Québec компаниясының мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып.
Жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-дегі жағдай бойынша 760 мың адамд жарықсыз қалды, деп хабарлады компания. Олардың көпшілігі Квебектің ең үлкен қаласы — Монреальда және провинцияның оңтүстік-батысындағы Утауэ аймағында тұрады.
Электрмен жабдықтау проблемалары ауа-райының қолайсыздығынан туындады: аймақта екпіні 60 м/с дейін барған жер көтеріліп, мұзды жаңбыр жауды. Дауыл салдарынан ағаштар құлап, олардың бұтақтары энергетикалық инфрақұрылымға зиян келтірді.