Канадада қарлы боран себебінен 67 мыңнан аса тұтынушы электр қуатынан ажыратылды, деп хабарлайды khabar.kz.
Табиғаттың тосын мінезінен елдің шығысындағы Жаңа Шотландия провинциясы аса қатты жапа шеккен. Өңірде мектептер мен бірқатар кәсіпорын жабық тұр. Ұшақтар да кешігіп ұшып жатыр. Ал синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. Олар: "Алдағы уақытта аймақта қардың бір айлық нормасы жаууы мүмкін", – дейді.
Желдің де басылатын түрі жоқ. Осы ретте жергілікті билік тұрғындарға жеке көлігімен алыс сапарға шықпауға кеңес беріп отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу