Канадада орман өртеніп, төтенше жағдай режимін жарияланды

528

Батыс Альберта провинциясының 25 мыңға жуық тұрғыны 100-ден астам орман өртінен қашып, үйлерін тастап үлгерді. 

Канадада орман өртеніп, төтенше жағдай режимін жарияланды Фото: DW

Канаданың батысындағы Альберта провинциясында 6 мамырда орман өртіне байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді. 

Альберта провинцияның премьер-министрі Даниэль Смит "бұрын-соңды мұндай өрт болмағанын", барлық қолда бар ресурстарды оны сөндіруге жұмсалатынын айтты.

Биліктің мәліметінше, 25 мыңға жуық адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. Кейбіреулер қайықтармен немесе тікұшақтармен қауіпсіз жерге жеткізілді. Тағы мыңдаған тұрғындар эвакуацияға дайындалуға шақырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу