Канадада орман өрті тоқтар емес, тілсіз жау енді елдің Жаңа Шотландия провинциясына жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі reuters-ке сілтеме жасап.
Жергілікті БАҚ өкілдері өңірде төтенше жағдай жарияланып, адамдарды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары басталғанын жазады.
Соңғы деректерге сүйенсек, бұл аймақта 10 шақты үй күлге айналды. Қазір аспанды көк түтін басып, қауіпсіздік мақсатында мектептер жабылып, дәріс беру тоқтатылған.
Айта кетейік, Канададағы тілсіз жау алдымен Альберта провинциясынан басталған еді. Ақпарат көздері 1 млн-ға жуық гектер аумақ отқа оранғанын мәлімдеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу