Канадада орман өрті күшейді

484

20 мыңнан астам адам өз үйлерінен эвакуацияланды.  

Канадада орман өрті күшейді Фото: BBC

Канададағы орман өртінің саны мен қарқындылығы барлық рекордтарды жаңартып отыр. Елдің премьер-министр Джастин Трюдоның мәлімдеуінше, қазір Канадада 414 орман өрті орын алған, олардың 239-ы бақылаудан шығып кетті, деп хабарлайды  inbusiness.kz BBC-ге сілтеме жасап

Квебектің өзінде ғана 150-ден астам белсенді өрт ошағы бар, бұл ретте жергілікті өрт сөндірушілердің бір уақытта 40-тан аспайтын өрт ошағымен күрес жүргізу мүмкіндігі бар.

Өрт салдарынан АҚШ қалалары - Нью-Йорк, Вашингтон және басқаларында тұмша байқалды. АҚШ солтүстіктегі көршісіне жедел жәрдем жіберуде.

Квебектен басқа, Британдық Колумбия, Альберта, Онтарио, Жаңа Шотландия және солтүстік-батыс аумақтарында 3,3 млн га алқапта орманды жер өртеніп жатыр.

Елдің мыңдаған тұрғыны эвакуациялануға мәжбүр болды, ал ауа түтініне байланысты қауіп орнағандықтан Солтүстік Америкада ондаған миллион адамға ескертілді.

Елдің мыңдаған тұрғыны эвакуациялануға мәжбүр болды, ал ауа түтініне байланысты қауіп орнағандықтан Солтүстік Америкада ондаған миллион адамға ескертілді.

Нью-Йорк пен Вашингтонда мемлекеттік мектептердің жұмысы тоқтатылды, ал Нью-Йорк мэрі Эрик Адамс жағдайдың ушығуы мүмкін екенін ескертпіп, халықты үйден шықпауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу