Британиялық Колумбия провинциясында 2400-ге тарта өрт ошағы тіркелді.
Мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшірілген. Жалынды сөндіруге ыстық ауа-райы мен күшті жел кедергі келтіріп отыр.
Тілсіз жаумен күреске Австралия, Португалия, Испания мен Жаңа Зеландия мемлекеттері көмекке келіп, құтқарушыларын жіберді. Осы алапат өрттен тараған түтін АҚШ-тың бірнеше қаласына жетіп, ондағы ауа сапасы нашарлаған.
Адам денсаулығына зиянды бөлшектер көбейді. Осыған байланысты тұрғындарға үйде отыру қажеттігі ескертілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу