Канаданың оңтүстік-шығысындағы Жаңа Шотландия провинциясында полиция киімін киген біреу 16 адамды атып өлтірді. Бұл туралы Reuters агенттігі жариялады. Ресми дерек бойынша, қаскөйдің өзі де қаза тапқан.
Адамдарға оқ жаудырған кісінің 51 жастағы Габриель Вортман есімді азамат екені анықталды. Ол провинция ішінде полиция көлігіне ұқсас автокөлікпен жүріп, әр жерде атыс ашқан. Оның мұндай қадамға неліктен барғаны қазір анықталып жатыр.
Жергілікті полицияның айтуынша, бұның лаңкестікке қатысы бар екенін білдіретін ешқандай айғақ жоқ екен. Сонымен қатар олар қастандық жасаған адамның қаза тапқандармен ешқандай байланысы болмағанын жариялады.
Айта кетейік, бұл ел тарихындағы құрбандар саны ең көп атыс. 1989 жылы Монреальда ер адам 15 әйелді атқан еді.
Табиғат Нұрболат