Канадада жолаушылар ұшағы қонған кезде аударылып кетті

269

Зардап шеккендер бар.

Канадада жолаушылар ұшағы қонған кезде аударылып кетті Фото: BBC

Канадада Торонто әуежайында Delta Air Lines ұшағы апатты жағдайда қонды. Әуе кемесі аударылып қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ABC News-ке сілтеме жасап.

Ұшақ Торонтоға Миннеаполис қаласынан ұшып келген. Апат салдарынан 76 жолаушы мен төрт экипаж мүшесі эвакуацияланды. 

Әуежайдың ресми мәліметіне сәйкес, 18 жолаушы зардап шеккен. Оның ішінде үш адам – бір бала, 60 жастағы ер адам және 40 жастағы әйел ауыр жарақат алған. Қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ.

Ұшақтың аударылып өртенуінің себебі әлі белгісіз. Тергеу амалдары басталған. 

Осы жағдайдан кейін Торонто әуежайы уақытша рейстерді шектеді, екі қону алаңы жабық тұр. Сарапшылар апаттың қарлы боран мен күшті желдің әсерінен болуы мүмкін екенін айтады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу