Канададағы орман өрті тұтас құрлыққа зиянын тигізді

487

Айтып келмейтін апат салдарынан ауа сапасы күрт нашарлады. 

Канададағы орман өрті тұтас құрлыққа зиянын тигізді Фото: АР

АҚШ мамандары Солтүстік-Шығыс аймағы соңғы 20 жылда алғаш рет көк түтінге тұмшаланғанын айтады. Салдарынан ел астанасы Вашингтондағы ауаның сапасы қатты нашарлап кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі AP-ға сілтеме жасап.

"Күнде скейтборд тебетін едім, одан бас тартуға мәжбүрмін. Себебі ашық далада жүрсең, тынысың тарылады. Бұл жұмысыма да кедергі келтіріп отыр," – дейді жергілікті тұрғын Кертис. 

Көшеде көлік саны азайып, ауа райының қолайсыздығы салдарынан пойызға да көп адам мінбейтін болған. Көптеген компания өзіне қолайсыз болса да қызметкерлерін кеңсеге келтірмей, үйден жұмыс істеуге амалсыз көніп отыр. Жол жөндеу, қоқыс жинау, саябақтарға қарау сияқты қызметтер  уақытша тоқтатылды. Қаладағы басты хайуанаттар бағы жабылды.

Президент Байден әкімшілігі де жоспарланған іс-шараларды кейінге шегерді.

Огайо, Индиана, Мичиган, Оңтүстік Каролина штаттары мен Жаңа Англия аймағындағы ауа сапасы  нашарлады. Билік миллиондаған тұрғынға үйден шықпауға кеңес берді. 2 күннен бері Нью-Йорк, Филадельфия әуежайларындағы ұшақтардың көкке көтерілуіне тыйым салынды.

"АҚШ-тың орталық және шығыс бөлігіне теріскейден үздіксіз жел соғып тұр. Түтіннің жетуіне басты себеп осы. Бұл жағдай әлі келесі аптаға дейін сақталады. Сондықтан осы жетіде далаға жиі шықпай, үйде болған дұрыс", - деді метеорологтар.

АҚШ билігі Канада орманындағы өртті ауыздықтауға көмектесу үшін 600-ден астам өрт сөндіруші жіберді. Елдегі ауа сапасының нашарлауы мен әуе рейстерінің ұшу барысын президент Джо Байденнің өзі бақылауға алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу