Канададағы өрт 5,5 млн гектар орманды күлге айналдырды

87

Өрттің ең қауіпті ошақтары елдің батыс аймақтарында шоғырланған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Канададағы өрт 5,5 млн гектар орманды күлге айналдырды Фото: @dwglavnoe

Deutsche Welle мәліметінше, Канадада биыл басталған өрт салдарынан 5,5 миллион гектардан астам орман жойылды. Бұл – шамамен Хорватия мемлекетінің аумағына тең жер көлемі. Елдің Табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері Канадада үш мыңға жуық орман өрті тіркелген, олардың 560-ы әлі де сөндірілмеген.

Мыңдаған тұрғын қауіпсіз аймақтарға көшірілді. Канаданың астанасы Оттава халықаралық көмекке жүгініп, қазіргі таңда ел аумағында АҚШ, Жаңа Зеландия, Аустралия, Коста-Рика және Мексикадан келген 533 өрт сөндіруші жұмыс істеуде.

Мамандар өрттің өршуіне аптап ыстық пен ұзаққа созылған қуаңшылық себеп болғанын айтады. Соңғы жылдары Канадада климат ғаламдық орташа көрсеткішпен салыстырғанда екі есе жылдам жылып жатыр. Қыс мезгілі қысқарып, қар аз түсіп, ал жазғы аптап ерте басталуы орман өрттерінің жиілеуіне әкеп соғуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу