Канададағы шағын қаланың 90%-ы өртке оранды

924

Литтонда аптап ыстықтың басталғанына бір аптадай болды. 

Канададағы шағын қаланың 90%-ы өртке оранды

Канада елінде орманды қызыл жалын шалып, салдарынан Литтон қаласының 90%-ы  өртке оранды, деп хабарлайды Inbusiness.kz  BBC News-ке сілтеме жасап. 
Литтон мэрі Ян Полдерманның айтуынша, тілсіз жау 15 минут ішінде таралған.

"Адамдар үй жануарларын мен керек-жарақтарын көлікке тиеп, қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр болды", – деді ол.

Ресми мәлімет бойынша, аптап ыстық пен желдің әсерінен өрт сағатына шамамен 20 шақырым жылдамдықпен жайылған. Қызыл жалын сонымен қатар Британиялық Колумбия су электр станциялары мен жергілікті инфрақұрылымға залалын тигізген.
Ескере кететін жайт, бұл аймақта аптап ыстықтың басталғанына бір аптадай болды. Соңғы бес күнде Британиялық Колумбияда 486 адамның ыстықтан қайтыс болғаны тіркелді.

Литтон қаласы Ванкуверден солтүстік-шығысқа қарай 260 шақырым жерде орналасқан. Онда шамамен 250 адам тұрады. Бұрын бұл жерде ел бойынша ең жоғары температура тіркелген еді (49,6 градус). 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу