Канададан тұқым алу заңды ма?

1238

АШМ өкілі "үйеңкі жапырақты елден" астық тұқымын әкелудің тәртібін түсіндірді.  

Канададан тұқым алу заңды ма?

Кейбір ақпарат құралдарында қазақстандық кәсіпкерлердің Канададан түсініксіз жолмен астық тұқымын әкеп сатып жүргені туралы ақпарат тараған болатын. Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Өсімдік өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Азат Сұлтанов осы ақпаратқа қатысты ведомствоның ұстанымын айтып берді.

"Көптен бері қазақстандық кәсіпкерлердің Канададан тұқым сатып әкелгені туралы ақпарат тарап жатыр. Жалпы алғанда, канадалық  дәнді дақыл тұқымдары ғана емес, жемшөп тұқымдары да сұранысқа ие. Өйткені Канада шығымы жоғары тұқым өндірісі бойынша жетекші елдердің бірі саналады. Ол елдің климаты де кей жағынан бізге ұқсас. Сондықтан біздің кәсіпкерлер Канададан тұқым алып, өз алқаптарында сынауға әуес. Мұның Қазақстанға ешқандай зияны жоқ екенін айту керек. Заң бойынша, сырттан әкелінген өнімді тұқым санатына жатқызу үшін фитосанитарлық құжаттарынан бөлек сапа сертификаты болу керек. Ондай сертификат болмаса, тұқым деп саналмайды. Ал оны Қазақстанның өз ішінде саудалау үшін сатушы мәртебесі болуы керек. Осы құжаттардың үстіне аккредиттелген зерханалар беретін сапа төлқұжатын алу керек. Құжаттағы сұрып бойынша көрсетілген сапасына қаншалықты сай екені тексеріледі. Егер Канада тарабы зияткерлік немесе өзге де меншік құқығы бұзылды деп ойласа, үн қатуы керек болған. Бірақ ондай реакция болған жоқ", - деді Азат Сұлтанов.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу