Канадаға 203 мың теңгеге жұмысқа орналаспақ болған астаналық тұрғын алаяққа алданып қалды

288

Бұл істе тағы алты жәбірленуші бар. 

Канадаға 203 мың теңгеге жұмысқа орналаспақ болған астаналық тұрғын алаяққа алданып қалды Фото: inbusiness.kz

Астананың 59 жастағы тұрғыны "Канадада жұмысқа орналасу" сылтауымен елорданың 24 жастағы тұрғынының ақшасын иемденді. Бұл туралы inbusiness.kz сайты polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Қаскүнем жәбірленушіні басқа елде тұру және жұмысқа орналасуға жәрдемдесетін байланыстары мен арналары бар екеніне сендірді. Өз қызметі үшін ол жас жігіттен 203 мың теңге алды.

Тергеу барысында полицейлер оның тағы алты Астана тұрғының ақшасын иемденіп, дәл осылай алдағанын анықтады. Аталған факті бойынша, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы “Алаяқтық” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу