Канададағы Британиялық Колумбия провинциясында болған қарулы шабуыл салдарынан тоғыз адам мерт болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Полицияның дерегінше, 7 адамның денесі орта мектеп ғимаратынан табылған. Тағы 2 адам жеке үйден анықталған.
Алдын ала мәлімет бойынша, шабуыл жасады деген күдікті өзіне қол жұмсаған. Әзірге, полиция күдіктінің кім екені туралы әзірге нақты ақпарат бермеді.
Канаданың Корольдік полициясы 27 адамның жараланғанын мәлімдеді. Олардың екеуінің хәлі ауыр.
Айта кетейік, атыс болған Тамблер-Ридж қаласы Ванкуверден солтүстікке қарай 1100 шақырымнан аса қашықта орналасқан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу