Канадалық ақын Рупи Каур Байден әкімшілігінің Израиль мен ХАМАС арасындағы соғыс реакциясына наразылығы ретінде Ақ үйдегі Дивали мерекесіне бармайтын болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BBC жаңалықтарына сілтеме жасап.
Сондай-ақ, ол басқа оңтүстік азиялықтарды АҚШ үкіметін жауапкершілікке тартуға шақырды.
Жалпы, Дивали мерекесі 8 қарашада өтеді. Оны вице-президент Камала Харрис жүргізеді. Алайда, ол ескертулерге әзірге түсініктеме берген жоқ.
Үндістанда дүниеге келген ақын, "Сүт пен бал" кітабының авторы, Рупи Каур Ақ үй әкімдігінің үнділердің от фестивалі – Дивали мерекесін тойлауы “ақылға қонымсыз әрекет” деп есептейді.
Cонымен қатар, Каур Ақ үйге барудан бас тартып қана қоймай, АҚШ үкіметін “Палестиналықтарға қарсы геноцидті ақтады” деп айыптады.