Канадалық басылым Димаш Құдайбергеннің жарнамалық баннерін жариялады

241

Канадада танымал La Press басылымында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің баннері жарық көрді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Канадалық басылым Димаш Құдайбергеннің жарнамалық баннерін жариялады Фото: dimashnews.com

Бұл жарнамалық суретті Димаш Құдайбергеннің канадалық жанкүйерлері ұсынған. Айта кетейік, La Presse газетін айына 4 миллионға жуық оқырман оқиды.

Нақтылай кетсек, 2024 жылдың 9 қарашасы мен 22 қарашасы аралығында басылымның "Өнер және музыка" бөлімінде 25 000 баннерлік жарнама жарияланды. Онда Димаштың ән орындап жатқан видеосына сілтеме бар.

Мұндай науқан Димаштың Францияға сапарынан кейін басталды. 

Еске салайық, 5 қарашада Елисей сарайында Франция президенті Эммануэль Макронның атынан мемлекеттік қабылдау өтті. Салтанатты шараға Франция үкіметінің мүшелері, танымал саясаткерлер, іскери, ғылыми және дипломатиялық топтардың өкілдері, сондай-ақ екі елдің танымал мәдениет және спорт қайраткерлері шақырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу