Канадалық бизнес Қазақстанда пайдалы қазбаларды өндіруге мүдделі

Қазақстанның Канададағы Елшісі Ақылбек Камалдинов пен "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ Солтүстік Америкадағы өкілі Ғалымжан Матаев Ванкуверде жыл сайын өтетін "AME BC Roundup-2023" халықаралық тау-кен конференция-көрмесіне қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Канадалық бизнес Қазақстанда пайдалы қазбаларды өндіруге мүдделі Фото: invest.gov.kz

Іс-шара аясында Қазақстан делегациясының Канаданың тау-кен саласындағы ірі компаниялармен бірқатар кездесулері өтті, олар біздің елмен іскерлік ынтымақтастықты дамыту мүмкіндігін қарастыруда. Компания басшылары Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдалану және геологиялық барлау саласындағы жүргізіліп жатқан өзгерістер туралы ақпаратты оң қабылдады, сондай-ақ қазақстандық нарыққа шығудың нақты жобалары мен жоспарларын талқылауға дайын екендіктерін жеткізді.

Қазақстан өкілдері "Канада-Еуразия" сауда палатасы ұйымдастырған Орталық Азия, Түркия және Моңғолиядағы тау-кен өнеркәсіптерінің инвестициялық тартымдылығына арналған "Mining in a Transitional World: Trends and Opportunities in Eurasia"" сессиясында сөз сөйледі.

Елші Ақылбек Камалдинов өз сөзінде қатысушыларды Қазақстандағы экономикалық реформаларды жүзеге асыру барысы, сондай-ақ елдегі бизнес-ортаны одан әрі жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті. Өзінің презентациясында KAZAKH INVEST өкілі Ғалымжан Матаев Ұлттық компанияның Қазақстандағы табиғи ресурстардың жаңа кен орындарының әлеуетіне баса назар аудара отырып, оларға көрсете алатын қолдау шаралары туралы айтты.

Сапар соңында қазақстандық делегация 30 жергілікті компания басшыларының қатысуымен өткен қездесуге қатысты, оның барысында өзара тиімді ынтымақтастықтың ықтимал бағыттары бойынша келіссөздер жүргізілді. Бұл шараны 2022 жылғы қарашада Қазақстандағы Президент сайлауына тәуелсіз байқаушы ретінде Астанаға келген канадалық сенатор Виктор Оу ұйымдастырды.

Конференцияның нәтижесінде канадалық компаниялар 2023 жылғы 5 наурызда Торонтода "Prospectors & Developers Association of Canada" (PDAC) халықаралық тау-кен конференциясында өтетін Қазақстан-Канада бизнес форумына қатысуға шақырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу