Канадалық компания Қазақстанның 500 мың доллар шығынын өтеді

655

Дау Ақмола облысында орналасқан кен-химия комбинатын басқарудан басталған. 

Канадалық компания Қазақстанның 500 мың доллар шығынын өтеді

Англия сотының үкімі бойынша канадалық "World Wide Minerals Ltd" компаниясы Қазақстанға 500 мың доллар шығынды өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұл дау Ақмола облысында орналасқан кен-химия комбинатын басқарудан (1996-1997) шыққан. 2013 жылдың желтоқсанында "World Wide Minerals Ltd" компаниясы және адвокат Пол Кэролл (компания президенті) Қазақстанға қарсы инвестициялық шағым түсірген. Шағымның бастапқы сомасы – 1,9 млрд доллар. 

"2017 жылдың желтоқсанда және 2018 жылдың қаңтарда бұл іс бойынша тыңдаулар өткен. 2019 жылдың 29 қазанында Трибунал шағымданушыларға шағымның негізгі сомасының 1%-дан аз бөлігін беру керек деп үкім шығарған", - деп жазылған Әділет министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Сонымен қатар 2019 жылдың қарашасында Қазақстан тиісті дәлелдемелерді ұсынып, қорытынды дайындау және залалды бағалау кезінде трибуналдың жол берген бұзушылықтары даулау бойынша Лондондағы Англияның Жоғарғы сотына өтініш берген.

"Арбитраж шешімнің сәтті шығуын ескере отырып, шағымданушыларға Қазақстан тарапына шығынды төлеу міндеттелді. Олар (канадалық компания) Қазақстанға 500 мың доллар шығынды өтеді. Бұл ақша шағым беру процесінде келтірілген шығын болып саналады. Қаржы мемлекеттік бюджетке түсті", - деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу