Канадалық өнертапқыштар көзге түсетін салмақты азайтудың амалын тапты

1455

Өнертапқыштар ұсынған перде жанарға түсетін жарықты азайтып, көзді оңалтады. 

Канадалық өнертапқыштар көзге түсетін салмақты азайтудың амалын тапты

Енді инновациялық масканың көмегімен көз ауруларының алдын алуға болады. Канадалық стартап компаниясы күнұзақ гаджеттерді қолданғаннан кейін, көзге түсетін салмақты азайтудың амалын тапты, деп хабарлайды 24.kz.

Өнертапқыштар ұсынған перде жанарға түсетін жарықты азайтып, көзді оңалтады. Яғни жылы толқындар арқылы көздің шаршауын басады. Ал салқын режимдегі маска көздің қызарғанын қайтарады. Бұдан бөлек бетпердені терапиялық мақсатта да қолдануға болады. 

Көзге арналған маска осы жылдың аяғында сатылымға шығады. Канадалық компания оны 279 долларға бағалап отыр.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу