Канадалықтардың жартысы омикрон жұқтырған

610

Инфекцияға әсіресе 17-24 жас аралығындағы жастар көбірек шалдыққан.

Канадалықтардың жартысы омикрон жұқтырған

2021 жылғы желтоқсан айынан бері Канада халқының тең жартысы, яғни 17 миллион адам COVID-19-дың омикрон штамын жұқтырды, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

"National Post" дерегінше, омикрон тарағанға дейін тұрғындардың небәрі 7%-ның антиденесі қалыптасқан. 2021 жылғы желтоқсан және 2022 жылғы мамыр аралығында бұл көрсеткіш 45%-ға дейін өсті.

Инфекцияны әсіресе 17-24 жас аралығындағы жастардың көбірек жұқтырғаны анықталды.

"Өкінішке қарай, бұл адамдардың көпшілігі тағы да омикрон штамын жұқтыруы мүмкін", – деді коронавирусқа қарсы иммунитет жөніндегі жұмыс тобының өкілі Дэвид Нейлор.

2020 жылғы 23 сәуірде Канада үкіметі коронавирусқа қарсы иммунитет туралы ақпаратты тарату жұмыстарын жүргізу және үйлестіру үшін арнайы жұмыс тобын құрған болатын.

Табиғат Нұрболат

Фото: nbcnews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу