Канаданың бірнеше ауданы су астында қалды

611

Квебек провинциясының өзінде 8 мыңға жуық адам баспанасын тастап кетуге мәжбүр болды.

Канаданың бірнеше ауданы су астында қалды

Канадада Квебек, Онтарио мен Нью-Брансуик аудандары су астында қалды. Аймақтарда төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды 24.kz.

Құтқарушылар тұрғындарды әлі де эвакуациялап жатыр. Квебек провинциясының өзінде 8 мыңға жуық адам баспанасын тастап кетуге мәжбүр болды. Ал Монреаль шаһарында су бөгеті жарылып кеткен.

Қазір жарақат алғандардың нақты саны анықталып жатыр.

Жергілікті билік зардап шеккен тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру үшін 1 млн доллар қаржы бөлген. Құтқару операциясына 2 мыңнан астам маман мен ерікті жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу