Канаданың жаңа үкіметіне 18 әйел мен 18 ер адам кірді

1123

Джастин Трюдо гендерлік теңдікті ескере отырып, үкіметті жасақтады.  

Канаданың жаңа үкіметіне 18 әйел мен 18 ер адам кірді

Канада премьер-министрі Джастин Трюдо жаңа либералдық үкіметіне 36 министрді тағайындады. Оның 18-і әйел, қалған 18-і ер адам. Олар сәрсенбі күні мемлекет және Ұлыбритания ханшайымы Елизавета II алдында ант берді. Канадалық генерал-губернатор Ридо-Холл резиденциясында өткен салтанатты шараны елдегі барлық арналар тікелей эфирден көрсетті. 

Трюдоның айтуынша, жаңадан жасақталған үкімет ішкі мәселелер, экономиканы нығайту және климат өзгерісімен күреске баса назар аудармақ. 

Айта кету керек, бұл жолы үкімет 1 министрге толығып отыр. Бұған дейін, яғни 21 қазанда өткен парламенттік сайлауға дейін министрлер кабинетінде 35 орын болған. 

Бұрын инфрақұрылым және қоғамдастық министрі болған Франсуа-Филипп Шампань Сыртқы істер министрлігінің басшылығына келді. Ал ескі құрамның 11 министрі жаңа кабинетте қалды. Олардың қатарында Ұлттық қорғаныс министрі Харджит Сингх Саджан, әділет министрі Дэвид Ламетти, қаржы министрі Уильям Морно және көлік министрі Марк Гарно бар. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу