Cу шығынын азайтуда неміс технологиясын енгізу жобасы әзірленіп жатыр

180

Сондай-ақ пилоттық жобаны одан әрі кеңейту және технологияны басқа каналдардың учаскелерінде енгізу мүмкіндігі қарастырыла бастады.

Cу шығынын азайтуда неміс технологиясын енгізу жобасы әзірленіп жатыр Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Су ресурстары және ирригация министрлігі мен германиялық HUESKER компаниясы суармалы су шығынын азайту үшін ирригация каналдарында заманауи геотекстиль материалдарын енгізу жобасын әзірлеуді бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Біз Су ресурстары және ирригация министрлігімен және басқа да жергілікті серіктестермен соңғы екі жыл бойы тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеп келеміз. Өз шешімдерімізді ұсынып, барлық қажетті тексерістен өттік. Нәтижесінде Қазақстанда пилоттық жобаны сәтті жүзеге асырдық. Қазіргі уақытта біздің гидротехникалық құрылыс саласындағы технологияларымыздың ірі нысандарда да тиімді қолданылатынын көрсету мақсатында ауқымды жобаны әзірлеп жатырмыз", – деді HUESKER компаниясының коммерциялық директоры Стефан Вестхус. 

Еске сала кетейік, Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы "Өтеміс" каналында HUESKER компаниясының INCOMAT геотекстиль материалы негізінде пилоттық жоба іске асырылды. Материал нақты жағдайларда тұрақты тиімділігін көрсетті, бұл су шығынын азайтуға және суды басқару сапасын арттыруға ықпал етті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу