Канар аралдарында жанартау атқылап, 5 мың адам эвакуацияланды

736

Испания Премьер-министрі Педро Санчес жексенбіде Пальма аралына келіп, жағдайды бақылауға алды.

Канар аралдарында жанартау атқылап, 5 мың адам эвакуацияланды Фото: reuters.com

19 қыркүйекте Испанияның Канар аралдарының архипелагына кіретін Пальма аралында жанартау атқылауы басталып, лава ауаға көтерілді. Аралдың оңтүстігіндегі Кумбре-Вьеха ұлттық саябағының екі ауылы лава астында қалуы мүмкін, деп хабарлайды Inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Жергілікті биліктің айтуы бойынша, тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Бұл аймақта жанартау соңғы мәрте 1971 жылы атқылаған. Ол кезде табиғат апатынан 1 адам қаза болған еді.

Канар Президенті Анхель Виктор Торрес баспасөз мәслихатында 5000 адамның эвакуацияланғанын айтты. Зардап шеккендер жоқ.

"Лава жағаға қарай бет алды және шығын көлемі айтарлықтай зор болады. Сарапшылардың пікірінше, шамамен 17-20 миллион текше метр лава бар", – деді ол.

Испания Премьер-министрі Педро Санчес жексенбіде Пальма аралына келіп, жағдайды бақылауға алды.

Өткен аптада жанартау орналасқан Кумбре Вьеха саябағында 22 000-нан астам жер асты дүмпулері тіркелді. Бұл – Канар аралдарының ең белсенді жанартау аймақтарының бірі. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу