Қанат Баитов Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды

606

Орнына Марат Қарабаев тағайындалды.

Қанат Баитов Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен Қанат Құрмашұлы Баитов Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды. 

Қ. Баитов 1968 жылы Павлодар облысында туған. Қарағанды политехникалық институтын, Көкшетау экономика және менеджмент институтын бітірген. 

Әр жылдары тау-кен және қаржы салаларында жұмыс істеді.

2009-2010 жылдары – металлургия және химия өнеркәсібі басқармасының басшысы, 2010-2011 жылдары тау-кен өндірісі өнеркәсібі басқармасын басқарды, 2011-2014 жылдары – ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп комитетінің тау-кен металлургия өнеркәсібі басқармасының басшысы болды.

2014–2019 жылдары – ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары.

2019 жылғы ақпан айынан бастап ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2019 жылы мамыр айында ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу