Қанат Баитов жаңа қызметке тағайындалды

792

Қанат Баитов жақында ғана ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылған болатын.  

Қанат Баитов жаңа қызметке тағайындалды

Республикалық Индустрияландыру картасына кіретін жобаларға инвестиция салатын "Qaz Carbon" ЖШС ірі компаниясының бас директоры болып Қанат Баитов тағайындалды, деп хабарлады Қарағанды әкімінің баспасөз қызметі.

"Qaz Carbon" ЖШС Кокс өнеркәсібі мен металлургияға маманданған. Зауыт өнімдері бүкіл Қазақстан бойынша жеткізіледі және ТМД елдеріне экспортталады.

Қанат Баитов 1968 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Қарағанды политехникалық институтын, Көкшетау экономика және менеджмент институтын бітірген.

Әр жылдары тау-кен және қаржы салаларында жұмыс істеді. Тау-кен шеберінен басшыға дейінгі жолды өткен. "Қамқор" ААҚ (Степногорск қ.) экономика және қаржы жөніндегі директоры болды. ЦентрКредит Банкінің құрылымында жұмыс істеді. 2009 жылдан бастап ҚР Индустрия және сауда министрлігінде еңбек ете бастады, металлургия және химия өнеркәсібі, тау-кен өндіру өнеркәсібі, тау-кен металлургия өнеркәсібі басқармасын басқарды. 2014 жылы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің орынбасары болып тағайындалды. 2019 жылдың мамыр айынан бастап ҚР ИИД индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу