Қанат Бозымбаев Алматы облысының әкімі болып тағайындалды

1360

Мемлекет басшысының Жарлығымен Алматы облысының әкімі Баталов Амандық Ғаббасұлының орнына Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қанат Бозымбаев Алматы облысының әкімі болып тағайындалды

"Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Алматы облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымынан босатылсын", – деп жазылған Ақорда сайтында.

Қанат Бозымбаев 1969 жылдың 8 қаңтар күні Алматы қаласында туған.
Қазақ мемлекеттік басқару академиясын 1993 ж. бітірген, экономист. ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі.
1993 ж. – жекеменшік компанияның экономисі.
1994 ж. – Алматы қаласы әкімінің көмекшісі.
1997 ж. – Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігіндегі өңірлік саясат бөлімінің бастығы, "Мұнайды тасымалдау жөніндегі "ҚазТрансОйл" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамының жиынтық-қаржылық департаментінің бастығы, экономикалық мәселелер бойынша вице-президенті.
1998 ж. тамызынан – Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігіндегі мұнай мен газ департаментінің бастығы.
2000 ж. наурызынан – Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі.
2001 ж. қаңтарынан – "KEGOC" ашық акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті.
2001 ж. мамырынан – "KEGOC" ашық акционерлік қоғамының президенті.
2003 ж. наурызынан – Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығындағы директорлар Кеңесінің төрағасы.
2007 ж. тамызынан – "Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі "Самұрық" холдингі" Акционерлік Қоғамы басқармасының төрағасы.
2009 ж. 30 қарашадан – Жамбыл облысының әкімі.
2013 ж. желтоқсаннан – Павлодар облысының әкімі.
25.03.2016 жылдан бастап – Қазақстан энергетика министрі. 18.12.2019 жылдан бастап ҚР Президентінің көмекшісі

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу