Қанат Бозымбаев: Авиаотын нарығында жағдай тұрақты әрі тапшылық жоқ

1120

Авиаотын өндірісінің көлемі 2018 жылмен салыстырғанда, 694 мың тоннаға дейін немесе 1,8 есе ұлғайды. 

Қанат Бозымбаев: Авиаотын нарығында жағдай тұрақты әрі тапшылық жоқ

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстандағы авиаотын өндірісінің көлемі ішкі нарықты толық қанағаттандыратындығы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртудың арқасында авиаотын өндірісінің көлемі 2018 жылмен салыстырғанда, 694 мың тоннаға дейін немесе 1,8 есе ұлғайды. Отандық МӨЗ-дердің арқасында авиаотын өндірісінің көлемі ішкі нарықтың қажеттіліктерін толық қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Қажет болған жағдайда өндіру көлемін 850 мың тоннаға дейін арттыруға болады. Осыған байланысты авиаотын нарығында жағдай тұрақты әрі тапшылық жоқ", – деді энергетика министі үкімет отырысында.

Сонымен қатар, Қанат Бозымбаев авиаотынның бағасына қатысты пікір білдірді

"2019 жылдың 25 қыркүйегіндегі Каспий нарығы деректері бойынша, Қазақстан МӨЗ-дерінде авиакеросинге көтерме баға тоннасына 578-621 долларды құрайды. Бұл ретте импорттық авиаотынға баға тоннасына 672-700 долларға дейін жетеді. 2018 жылдың желтоқсанынан бастап авиаотынға көтерме сауда бағасының төмендеуі тоннасына 65 долларын құраған еді. Осылайша, авиаотынның бағасы сұраныс пен ұсыныс негізінде нарықпен реттеледі. Қазақстанның ішкі нарығында баға Ресейде өндірілетін керосин бағасымен шамалас. Осы ретте Ресей авиаотынына бағалар деңгейі Қазақстанда өндірілетін керосиннің сауда бағаларын өсіруде тежеуші фактор болып отырғанын атап өтеміз", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу