Қанат Бозымбаев: Бақытжан Жақсалиевтің ұсталуы түсінбестік деп үміттенемін

688

Қанат Бозымбаев: Бақытжан Жақсалиевтің ұсталуы түсінбестік деп үміттенемін

Бақытжан Жақсалиевтің ұсталуы түсінбестік деп үміттенемін. Бүгін энергетика министрі кезекті орынбасарының қамауға алынуына қатысты журналистерге осындай пікірін білдірді, деп хабарлайды Atameken Business.

Оның айтуынша вице-министр өз ісін жетік білетін кәсіби маман. Сондықтан тергеу шаралары министрліктің қазіргі қызметіне кедергі келтірмеуге тиіс.

"Щучье-Бурабай аймағындағы көлдерді тазартуға қатысты іс бойынша мердігер ұйыммен келісімшарт 2013 жылы қоршаған ортаны қорғау бойынша басқа ведомствода бекітілген. Бұл оқиға 2015 жылы болды. Ол кезде мен басқа жерде жұмыс істеп жүрдім. Сондықтан, бұл мәселе бойынша пікір бере алмаймын. Қазір құжаттардың барлығы Ұлттық бюрода, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді Қанат Бозымбаев.

Айта кетейік, осымен Бозымбаевтың екінші орынбасары қамауға алынды. Барлығына бірдей бюджет қаржысын жымқырды деген айып тағылып отыр. Ұлттық бюро дерегінше Бақытжан Жақсалиев құжаттарға заңсыз қол қойған. Салдарынан мемлекетке 746 миллион теңге көлемінде  шығын келген. Қазір вице-министр үй қамағында отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу