Қанат Бозымбаев елдегі үш мұнай өңдеу зауытының жұмыс жоспарын баяндады

926

Қанат Бозымбаев елдегі үш мұнай өңдеу зауытының жұмыс жоспарын баяндады

ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев елдегі үш мұнай өңдеу зауытының жұмыс жоспарын баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, қараша айында елге 270-280 мың тонна бензин қажеттілігі туындайды. "Оның басым бөлігін еліміздегі үш МӨЗ есебінен толықтырамыз. Көлемдер бойынша кестені бүгін-ертең нақты бекітетін боламыз. Дегенмен Шымкент пен Павлодар зауытын барынша қамтығымыз келеді", - деп жауап берді журналистер сұрағына министр ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Бозымбаев Атырау МӨЗ жүктемесін азайту жоспарланғанын жеткізді. Бұл желтоқсан айында зауытқа каталитикалық крекинг (мұнайды өңдеп, бензин, мазут т.б. шығару) қондырғысын орнатумен байланысты. 

"Ашық түсті мұнай өнімдерін өндіру көлемі шапшаң артуы тиіс және зауыт анағұрлым тиімдірек жұмыс істейді, шикі мұнайға қазіргіден де көбірек төлейтін болады", - деп толықтырды өз сөзін Бозымбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу