Қанат Бозымбаев: Қашағандағы газ айдау біз ойлағандай тез нәтиже бермеді

1114

Қанат Бозымбаев: Қашағандағы газ айдау біз ойлағандай тез нәтиже бермеді

Қашаған кен орнындағы мұнай өндіруді тәулігіне 370 мың баррельге дейін арттыру жоспары 2018 жылға қалды, деп хабарлайды abctv.kz.

"Қашағандағы газ айдау біз ойлағандай тез нәтиже бермеді. Сондықтан мердігер тәулігіне 370 мың баррель өндіру (жыл соңына қарай) деңгейіне шыға алмайтынын айтты. Шамамен тәулігіне 250 мың баррель өндіру болжанып отыр", – деді энергетика министрі Қанат Бозымбаев сейсенбі күні журналистерге. 
Еске салсақ, тамыз айының ортасында Қашаған операторы – North Caspian Operating Company (NCOC) консорциумы бірте-бірте ілеспе газ айдау көлемін ұлғайтумен оны қыртыстарға кері айдауға (газды кері айдауға арналған қосымша компрессор салу және жұмыс істеп тұрған компрессорларды жаңғырту қарастырылған) кірісті. Осының нәтижесінде жыл соңына қарай мұнай өндіруді тәулігіне 370 мың баррельге дейін арттыру көзделген болатын.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу