Қанат Бозымбаев: Қазақстан ОПЕК-ке өз талаптарын қояды

827

ОПЕК+ ұйымының үлкен жиыны маусым айына белгіленген. 

Қанат Бозымбаев: Қазақстан ОПЕК-ке өз талаптарын қояды

Қазақстан ОПЕК+ келісімін ұзартуға қосылады, бірақ өзіндік талаптары болады. Қанат Бозымбаев Atameken Business арнасына эксклюзивті сұхбат беріп, осындай ақпарды жеткізді.

Энергетика министрі, сондай-ақ, Венада өтетін мұнай өндіруші елдердің альянсына Қазақстанның міндетті түрде қатысатынын ескертті.

Айта кетсек, ОПЕК-тің үлкен жиыны маусым айына белгіленген. Онда Картельге мүше мемлекеттердің мұнай өндірісін азайту келісімін 2019 жылдың соңына дейін созуға уағдаластық жасалуы мүмкін деп күтілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу