Қанат Бозымбаев: Қытайға газ экспорттауға тамаша мүмкіндіктеріміз бар

769

Қанат Бозымбаев: Қытайға газ экспорттауға тамаша мүмкіндіктеріміз бар

Астанада өткен General Electric конференциясында энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстан "газ дәуіріне" қалай келетіні жайлы айтып берді, деп хабарлайды 7kun.kz.

Оның айтуынша, қазақстандық газ экспорты ең тиімді саналатын аймақ — Қытай нарығы.
"Сіздер білесіздер, біздің Қытайға экспорттау үшін тамаша мүмкіндіктеріміз бар - төзімді құбыр жүйесі, мысалы. Күзде ол жаққа газ жеткізу үшін Қытай тарапымен барлық келісімдерді жасадық. Болашақта бұл үздіксіз процеске айналады деп сенемін", — деді Қанат Бозымбаев.
Ал ішкі нарыққа келер болсақ, энергетика министрлігінің мәліметінше, 2030 жылға қарай халықты газбен қамту 56 пайызға жетіп, 8,5 миллион адамды құрайды. Соңғы 7 жылда қазақстандықтардың газды тұтынуы екі есеге артқан.
"Осылайша, 2030 жылға қарай біз 18-20 млрд текше метр газ пайдаланатын боламыз", — деді Бозымбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу