Қанат Бозымбаев: Маған сол резиденцияның қажеті жоқ

1290

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Жаркент қаласындағы резиденциясын балаларды оңалту орталығы жасауды ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қанат Бозымбаев: Маған сол резиденцияның қажеті жоқ

Панфилов ауданында аудан тұрғындарымен кездесу өткізген Қанат Бозымбаев:

"Сөз реті келгенде айта кетейін, осы Жаркент қаласында облыс әкімінің резиденциясы тұр. Жерінің көлемі 1 гектар. Маған сол резиденцияның қажеті жоқ. Ауданда қонатын жап-жақсы қонақ үйлер бар. Тамақты дәмді дайындайтын дәмханалар көп. Сондықтан резиденцияны балаларды оңалту орталығына өткізіп беремін. Бұл баласының өмір сүруі үшін әр сәтін күреспен өткізіп жатқан, ерекше балаларды бағып-қағып отырған ата-анаға өте керекті орталық болар еді деп ойлаймын", – деді.

Жалпы Жаркенттегі облыс әкімінің резиденциясы 2013 жылы салынған. Бір қабатты ғимараттың көлемі 910 шаршы метр. Жер аумағы – 1 га.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу