Қанат Бозымбаев мұнай шығару көлемін одан әрі қысқартудың ауыр соғатынын айтты

664

Қанат Бозымбаев мұнай шығару көлемін одан әрі қысқартудың ауыр соғатынын айтты

Қазақстанның энергетика министрінің атап өтуінше, Қазақстан жалпы мұнай шығару көлемін қысқарту бойынша міндеттемелерін орындап жатыр, бұл ретте осы көрсеткішті одан әрі қысқарту республикаға ауыр соғатынын айтты, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Қанат Бозымбаев ОПЕК мәмілесі аясындағы мұнай шығару көлемін қысқарту бойынша міндеттемелерді орындауға қатысты мәселеге пікір білдірді.

"Шамамен, иә (орындап жатырмыз – ред.). Шығару бойынша, ХЭА – экспорттық жеткізу бойынша біз бір пікірде емеспіз деген ойдамыз. Біздің методологиямыз, баррелизация коэффицентіміз өзгеше… Мамырда біз шамалы жоғары болдық, бірақ жалпы біз сол деңгейдеміз", — деді министр журналистерге 22-ші Халықаралық мұнай конгресінің аясында. 

Оның сөзіне қарағанда, Қазақстан өзі үші квота арттыру туралы мәселені қоюды көздеп отырған жоқ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу