Қанат Бозымбаев Өскемен энергетикасының стратегиялық нысандарын аралады

222

Согра ЖЭО-да жөндеу жұмыстары жалғасады.

Қанат Бозымбаев Өскемен энергетикасының стратегиялық нысандарын аралады Фото: primeminister.kz

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Премьер-министрдің орынбасары қала тұрғындарының 80%-дан астамын жылумен қамтамасыз ететін Өскемен ЖЭО-ның жаңғырту жұмыстарымен танысты, деп жазады inbusiness.kz сайты.   

Биыл жөндеу және құрылыс жұмыстарына "Тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарламасы аясында 7,5 млрд теңге бағыттау жоспарланған. Стансада 9 қазан агрегаты мен 8 турбоагрегатты жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, сондай-ақ Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту ұлттық жобасы аясында стансаны кеңейту бойынша жобалар іске асырылуда.

Қанат Бозымбаев 4 мыңнан астам абонентті және бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорынды жылумен қамтамасыз ететін Согра ЖЭО-ны аралады. Соңғы үш жылда мұнда жабдықтың тозу деңгейі 63,25%-дан 61,87%-ға дейін төмендетілді. Биыл жөндеу жұмыстары жалғасады.

Бұдан бөлек, Қанат Бозымбаев Жаңа Согра ауылында салынып жатқан су тазарту нысандарының құрылысымен танысты. Кешеннің тәуліктік қуаттылығы 13 050 м³ құрайды.

Сапар қорытындысы бойынша вице-премьер Төтенше жағдайлар орталығында су тасқыны кезеңі және өрт қаупі жоғары маусымға дайындық мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу