Қанат Бозымбаев премьер-министрдің шешіміне қатысты жауап берді

1389

Қанат Бозымбаев премьер-министрдің шешіміне қатысты жауап берді

ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев үкімет басшысының шешіміне қатысты жауап берді, деп хабарлайды abctv.kz .

"Мен осы үкіметтің министрімін, менің тағдырым президенттің қолында. Президент қалай айтады, соны орындаймын. Мәселе бар екен, біз оны түзеуіміз керек, осындай мәселелер туындағаны үшін халықтан тездетіп кешірім сұрауымыз керек. Бірақ орын алған мәселелердің өз негізді себебі бар", - деді министр үкімет қабырғасында.

Еске сала кетсек, бүгін үкіметтің селекторлық отырысында Бақытжан Сағынтаев ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа жағармай тапшылығына байланысты ахуалды реттей алмағаны үшін сөгіс жариялау туралы ұсынысхат енгізетінін айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу