Қанат Бозымбаев Tasqyn су тасқынын болжау және модельдеу ақпараттық жүйесінің жұмысын тексерді

265

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Tasqyn" жобасы жүзеге асырылуда.

Қанат Бозымбаев Tasqyn су тасқынын болжау және модельдеу ақпараттық жүйесінің жұмысын тексерді Фото: primeminister.kz

Жүйе автоматтандырылған режимде су қоймасына су ағынын болжауға, көктемгі су тасқыны көлемін анықтауға және су басу аймақтарын модельдеуге мүмкіндік береді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оны әзірлеуге цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, су және ирригация, төтенше жағдайлар, экология және табиғи ресурстар министрліктері қатысты.

Қазірдің өзінде "Қазсушар" РМК 86 су қоймасы цифрландырылды. "Қазгидромет" РМК және GloFAS жаһандық су тасқынының алдын алу жүйесінің деректері бойынша өзендердегі су шығындары мен деңгейлері бойынша нақты және болжамды деректерді көрсететін 75 өзен ағынының цифрлық гидрографы әзірленді.

"Сондай-ақ бізге өз базамызды қалыптастыру және су тасқынын модельдеу дәлдігін жақсарту үшін тарихи деректерімізге сүйену маңызды", – деп атап өткен Қанат Бозымбаев әзірлеушілерге тиісті тапсырмалар берді.

ЦДИАӨМ – су тасқыны құбылыстарын үнемі бастан кешіретін өңірлер аумағының рельефін цифрландыруды аяқтайды.

Қазгидромет – қар жамылғысын, қардың жинақталған қорын және топыраққа тоңның қатуын бағалау үшін бақылауды арттырад.

СРИМ – жыл соңына дейін еліміздің негізгі өзендерінде батиметриялық түсірілім жүргізуді аяқтайды.

Жетілдірілгеннен кейін жүйе мүдделі мемлекеттік органдарды оқытып, осы жылдың соңына дейін өнеркәсіптік пайдалануға енгізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу