Қанат Бозымбаев төртінші МӨЗ-дің қайда салынатынын күзде айтатын болды

761

Қанат Бозымбаев төртінші МӨЗ-дің қайда салынатынын күзде айтатын болды

ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев биыл күзде төртінші МӨЗ орналасатын өңір жарияланатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Менің ойымша, зауыттың орналасатын жері, оның қуаттылығы, салынатын инвестициялар көлемі, өндірілетін өнімі бойынша күзге қарай осы сұрақтарға жауап беруге дайын боламыз", - деді министр мәжілісте өтіп жатқан үкімет сағаты барысында.

Қанат Бозымбаев қазіргі уақытта президенттің тапсырмасы бойынша жұмыс тобы құрылғанын еске салып өтті. Жұмыс тобы техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеумен айналысып жатыр.

Еске сала кетсек, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев  9 ақпан күні үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауытын салуға қатысты шешім қабылдауды жеделдету қажеттігін айтқан болатын.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу