Қанат Бозымбаев Төтенше жағдайлар министрінің жұмысына баға берді

166

Ол ведомство басшысы өз құзыретіндегі жұмысты 100 пайыз атқарды деп отыр.

Қанат Бозымбаев Төтенше жағдайлар министрінің жұмысына баға берді Фото: inbusiness.kz

Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің жұмысына баға берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бұл кісінің министр лауазымда болуы өз шеңберін көрсетті. Күндіз-түні атсалысып, жаяу жүріп бөгеттерді аралап,адамдарды құтқарып, өз құзыретіндегі жұмысты 100 пайыз атқарды деген бағаны бере аламын. Мемлекет басшысы ТЖМ құтқарушыларын тиісті мемлекеттік наградалармен марапаттағаны осыған дәлел. Министр және оның орынбасарлары 24 сағат бойы жұмыс істеді. Өз басым сол жақта болдым. Алдын ала бұл мәселені (ред. – су тасқыны) қарау тек қана министрдің құзыретінде емес, бұл – бүкіл мемлекеттің жүйесі. Су тасқынын болжау жүйесін орнату үшін бірақ іс-қимыл қажет", - деді Қанат Бозымбаев тілшілердің сауалына бергент жауабында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу